Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізде 125 млн тонна қоқыс жиналып қалыпты

Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша, ауа жоғары деңгейде ластанған қалалар - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент аталды.

Елімізде 125 млн тонна қоқыс жиналып қалыпты
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 125 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналып қалған. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты деп хабарлайды Paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"2020 жылғы ластаушы заттардың нақты шығарындылары мен төгінділері 2019 жылдың деңгейіне ұқсас және 2,5 миллион тонна болды. Бүгінде елімізде 125 миллион тонна ҚТҚ жинақталған. Оларды қайта өңдеу үлесі 2019 жылғы 15 пайыздан 2020 жылы 18,3 пайызға артты.

Қайта өңдеудің төмен үлесінен басқа, қазір ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі және апатты үйінділер өткір проблема болып қала береді", - деді Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде.

Экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша, ауа жоғары деңгейде ластанған қалалар - Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент аталды.

Бұған дейін министр былтыр өнеркәсіптік кәсіпорындар атмосфераға 2,5 миллион тонна ластаушы заттар шығарғанын, олардың 37 пайызы немесе 900 мыңнан астамы көмір стансаларына тиесілі екенін хабарлаған болатын.