Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстандықтарға ауылшаруашылық жерлерін жалға алуға рұқсат берілді

Айта кетсек, 13 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

Қазақстандықтарға ауылшаруашылық жерлерін жалға алуға рұқсат берілді
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс Жер қатынастарын дамыту мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.  

Заң жобасы арнайы құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы бойынша әзірленді.

"Отандық жер пайдаланушылар үшін жалға беру институтын сақтау туралы және қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру жөніндегі Жер кодексі нормаларының қолданысына мораторийді ұзарту туралы тұжырымдамалық шешім қабылданды", - деді Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов.

Атап айтқанда, қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейін жалға алуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығы беріледі.

Бұдан басқа, заң жобасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау күшейтіледі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге сатып алынбаған жер пайдалану құқығын иеліктен шығару мүмкіндігі көзделеді, жергілікті халықтың мұқтажы үшін жайылымдық жерлердің аумағы айқындалады.

Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге мораторий мерзімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылады.

Айта кетсек, 13 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

Енді ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға сатылмайды.

Қандастарға жер учаскесін жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Олар ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала алады.