Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде жұмыртқа тағы да қымбаттайтын болды

Егер билік жұмыртқа бағасын көтеруге мүмкіндік бермей, қандай да бір шектеу қояр болса, өндіріс құрдымға кететінін айтады олар. 

Елімізде жұмыртқа тағы да қымбаттайтын болды
фото: ашық дереккөз

Өндірушілер күзде жұмыртқа бағасының қымбаттайтынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Өндірушілердің сөзінше, жұмыртқа бағасының өсуі жемнің қымбаттауымен тікелей байланысты. Егер билік жұмыртқа бағасын көтеруге мүмкіндік бермей, қандай да бір шектеу қояр болса, өндіріс құрдымға кететінін айтады олар. 

Оларға үкіметтің талабы бойынша сәуір айында бағаны 350 теңгеге дейін төмендетуге тура келді. Оған қоса жұмыртқаның сақтау мерзімі аз болғандықтан және көршілес Ресейден келетін өнімдер көбейгендіктен, өнім бағасы арзандаған. Нәтижесінде, қазір кәсіпкерлер өнімді өзіндік құнынан әлдеқайда арзанға сатуға мәжбүр. 

“Бізді С1 санаттағы жұмыртқа бағасына шектеу қойылмаса екен дейміз. C2 санатындағы жұмыртқалар үшін 2021 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін баға шектеуін қойып тастады. Жұмыртқалардың арасында 5 грамм ғана айырмашылық бар. Бұл біздің кәсібімізді құлдыратып жатыр”, – дейді құс фабрикасының бас директоры Қайрат Майшев.