Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ертең еліміздің бірқатар облысында дауыл болады

Күндіз кей жерде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ертең еліміздің бірқатар облысында дауыл болады
фото: ашық дереккөз

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және тағы 10 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz, "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 маусымда Ақмола облысында кей жерде найзағай, күндіз кей жерде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі", - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

9 маусымда Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 18-23, екпіні 26 м/с. Кей жерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 9 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Түркістан қаласында 9 маусымда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

"9 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күн күркірейді, бұршақ жауады", - делінген хабарламада.

9 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. Өскемен қаласында 9 маусымда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Семей қаласында күндіз 9 маусымда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с.

"9 маусымда Атырау облысында кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Атырау қаласында: 9 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі", - деді гидрометеорологтар.

9 маусымда Алматы облысының тау және таулы аймақтарда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз кей жерде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерде күн күркірейді. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күн күркірегенде екпіні 15 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз күн күркірейді.

"9 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күн күркірейді", - деді синоптиктер.


Қостанай облысында сәрсенбі күні кей жерде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан күндіз кей жерде 15-20 м/с жел тұрады.