Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде тұрғын үй бағасы тағы да шарықтап кетті

Республика бойынша бастапқы және таза әрленген пәтерлердің бір шаршы метрі үшін орташа баға мамырда 335 539 теңге болды. Баға 2,6 пайызға өскен.

Елімізде тұрғын үй бағасы тағы да шарықтап кетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мамыр айында жаңа және тұрмысқа дайын жайлы тұрғын үй бағасы аспандап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Бюро мәліметіне қарағанда, бір айда (2021 жылғы мамырда 2021 жылғы сәуірге қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2,6 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату - 0,9 пайызға өскен.

Сондай-ақ, абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы да 0,7 пайызға көтерілген.

Республика бойынша бастапқы және таза әрленген пәтерлердің бір шаршы метрі үшін орташа баға мамырда 335 539 теңге болды. Баға 2,6 пайызға өскен.

Сол секілді мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 48 351 мәміле тіркелген. Көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 19 пайызға төмендеген. Ал 2021 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны алдыңғы жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге жоғарылаған.

Ұлттық статистика бюросының сайтында толық ақпарат жарияланған.