Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ұлттық экономика министрлігі 62 млн теңгеге 150 компьютер сатып алмақшы

Құжатқа сәйкес, комитет балансындағы компьютерлердің 100% тозығы жеткен.

Ұлттық экономика министрлігі 62 млн теңгеге 150 компьютер сатып алмақшы
фото: ашық дереккөз

Ұлттық экономика министрлігінің ТМРК 62 млн теңгеге 150 компьютер сатып алуды жоспарлауда деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 

"Ғаламторға шығуды қамту үшін орталық аппаратқа және аумақтық департаменттерге Т61,5 млн сомаға 150 жеке компьютер сатып алу қажет", - делінген 2022-2024 жылдарға арналған комитеттің бюджет жобасында.

Осылайша, орта есеппен бір компьтерді Т410 мыңға сатып алу жоспарланып жатыр екен.

Құжатқа сәйкес, комитет балансындағы компьютерлердің 100% тозығы жеткен.

Сонымен қатар комитетке аумақтық департаменттер үшін 17 дана және ЕСЭДО үшін бір Proxy-сервер керек. Олардың жалпы құны 48,6 млн, тағы да 17 ноутбук - Т8,16 млн, 15 салқындатқыш - Т3,948 млн теңге.