Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қыздарды Бахрейнге сексуалды құлдыққа сатқан күдікті елімізге экстрадицияланды

"Жалпы, зардап шеккен 39 адамды анықтадық, олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 19 адам танылды..."

Қыздарды Бахрейнге сексуалды құлдыққа сатқан күдікті елімізге экстрадицияланды
фото: ашық дереккөз

Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жезекшелікке сатқан әйел елімізге экстрадицияланды, деп хабарлайды Paryz.kz, ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2021 жылғы 5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады. Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдік келтірілуде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қылмыс жасалғаннан кейін З.Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол үшін халықаралық іздеу жарияланған.

"Жалпы, зардап шеккен 39 адамды анықтадық, олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 19 адам танылды. Олардың арасында үшеуіне іздеу жарияланды", - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.