Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БҚО коронавируспен күресе алмай отыр ма?..

Наурызда 30, сәуірде 42, мамырда 56 адам дүниеден озды. Биыл қайтқандардың 88-і әйелдер болса, 83-і – ер адамдар.

БҚО коронавируспен күресе алмай отыр ма?..
фото: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейіп кетті деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің мәлім еткеніндей, өңірде осы кезге дейін коронавирус жұқтырған 22 833 адам тіркелді. Соның 17927-сі немесе 78,5 пайызы жазылып шықты. Пандемия басталғаннан бері 341 адам көз жұмса, соның ішінде 2020 жылы 169, биылғы бес айда 171 адам өмірден өтті.

Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, көктем айларында коронавирустан қайтқандар саны көбейген. Наурызда 30, сәуірде 42, мамырда 56 адам дүниеден озды. Биыл қайтқандардың 88-і әйелдер болса, 83-і – ер адамдар.

Науқастардың 91 пайызында (156) созылмалы дерттері болған. Соның 75 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 12 пайызы басқа дертке шалдыққан.

Тағы оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында оқушылар жаппай коронавирус жұқтырып жатыр

"Қазіргі таңда 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 397 адам емделуде. Соның ішінде 26-сы жансақтау бөлімінде жатса, 65,3 пайызы немесе 17-сі – алпыс жастан асқандар. Науқастардың 21-і жүрек-қан тамырлары аурулары, үшеуі қант диабетімен сырқаттанады. Коронавирус алпыс жастан асқандар үшін аса қауіпті. Созылмалы аурулары барларды емдеу қиынға соғады. Сондықтан жасы ұлғайған тұрғындардың адамдар көп жиналатын жерлерге, қонақтыққа бармай, санитарлық талаптарды сақтағаны жөн", - деді А. Қалибеков.