Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алдағы күндері еліміздің кей жерінде қар жауып, аяз болады

5 маусымда күндіз ауа температурасының күрт төмендеп, 10-18 градус Цельсийге дейін түседі. 5 маусымнан 6 маусымға қараған түні кей жерлерде 2 градус аяз болады.

Алдағы күндері еліміздің кей жерінде қар жауып, аяз болады
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында жағымсыз ауа райы болатынын ескертті деп хабарлайды Paryz.kz.

4 маусымда аймақта найзағай ойнап, бұрқасын, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 жылдамдықта жел соғып, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бесқарағай, Үржар өңірі, Семейде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

4 маусымда Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнайды деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

5 маусымда облыста жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады деп болжанды. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын, бұршақ, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан ауысып, жылдамдығы15-20 м/с-ке, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

5 маусымда күндіз ауа температурасының күрт төмендеп, 10-18 градус Цельсийге дейін түседі. 5 маусымнан 6 маусымға қараған түні кей жерлерде 2 градус аяз болады.