Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бауыржан Байбектің әпкесі 425 миллион теңгеге фильм түсіріп жатыр ма?..

Айгүл Бауыржанның әпкесі болмаса, бұл мүмкін бе еді деп сауал тастаған ол мәселе Сәрсенованың жеке қаржысында емес, мемлекеттік бюджеттің есебінде болып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Жанболат Мамай бұл факт неге тексерілмеген деген таңданысын білдірген.  

Бауыржан Байбектің әпкесі 425 миллион теңгеге фильм түсіріп жатыр ма?..
фото: дереккөз

Бұл туралы қоғам белсендісі Жанболат Мамай жазды деп хабарлайды Paryz.kz, kznews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Байбек туралы түсірген алғашқы фильмде оның әпкесі Айгүл Байбектің компаниясы Aray Media Group Отандық киноны дамыту қорынан 155 миллион теңге шамасында қаржы алғаны туралы айтқанбыз. Келісімге сәйкес, Айгүл Байбек бұл ақшаға “Дос — Мұқасан" тобы туралы фильм түсіруі керек еді. Алайда, ақша берілді, ал фильмнің өзі жоқ. Отандық киноны дамыту қорының басшысы Гүлнар Сәрсенова бұл мәселені қалай шешті? Оп-оңай. Айгүл Байбек 155 миллион теңгеге кино түсіргісі келмесе, оған қосымша ақша беру керек деп шешті. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Гүлнар Сарсенова басқаратын қор Айгүл Байбектің компаниясына тағы да 270 миллион теңге берген. Дәл сол "Дос-Мұқасан" туралы фильмді түсіруге!" деп жазды қоғам белсендісі. 

Айгүл Бауыржанның әпкесі болмаса, бұл мүмкін бе еді деп сауал тастаған ол мәселе Сәрсенованың жеке қаржысында емес, мемлекеттік бюджеттің есебінде болып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Жанболат Мамай бұл факт неге тексерілмеген деген таңданысын білдірген. 

"Біз Байбектің жемқорлығына қатысты қазірдің өзінде 2 мыңға тарта беттен тұратын материал жинадық. Қазіргі айтып отырғанымыз соның бірі ғана. Жақында қазақ және орыс тілдерінде Байбек отбасының бизнесі туралы жаңа фильм жарық көреді.

Осыдан кейін Байбекке қарсы қылмыстық іс қозғалмаса, бұл тікелей Назарбаевтың қолдауымен жасалып отырған жемқорлық деп түсінуіміз керек. Себебі, біз келтірген мәліметтерден соң Байбек қызметте емес, абақтыда отыруы тиіс еді" дейді Мамай.