Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысында миналар табылды

Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.

Ақмола облысында миналар табылды
фото: polisia.kz

"Қару" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полицейлер өңір аумағынан табылған миналарды залалсыздандырды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымда Жарқайың аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторынан телефон хабарламасы келіп түскен.

"Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағында учаскелік инспектор әскери минаға ұқсас цилиндр пішінді металл заттарды тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Ақмола облыстық ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды. Снарядтарды анықтау аумағы дереу қоршалды. Тексеру барысында мамандар баллистикалық зымырандарға арналған ескі шахталардан КСРО-ның танкке қарсы төрт минасын анықтады. Жалпы, миналар өте тозған, таттанған және механикалық істен шыққан", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алайда, мұқият тексеру кезінде екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды тасымалдау қауіп туғызды. Сол себепті бұл миналар сол жерде залалсыздандырылды. Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.