"Орталық саябаққа балалы отбасылар көп келді, осындай мерекелік "жанталаста" ата-анасын жоғалтып, жылап жүрген балалар өрт сөндірушілердің жанына келген..."
Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында 1 маусымда балалар жоғалып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, оқушыларға арналып волонтерлермен флэшмобтар өткізілген.
"Орталық саябаққа балалы отбасылар көп келді, осындай мерекелік "жанталаста" ата-анасын жоғалтып, жылап жүрген балалар өрт сөндірушілердің жанына келген. Инспекторлар мен өрт сөндірушілер дауыс зорайтқыштарды пайдаланып, балалардың адасып кеткенін хабарлады. Тек екі сағат аралығында ғана 5-8 жас аралығындағы 15 бала ата-аналарына аман-есен табысталды, - деп атап өтті ведомствода.