Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде қызметкерлерге шамадан тыс жұмыс істеткен басшыларға айыппұл салынады

Депутат Гүлнәр Бижанованың айтуынша, заң жобасы екі тарапқа да пайдалы болмақ. 

Елімізде қызметкерлерге шамадан тыс жұмыс істеткен басшыларға айыппұл салынады
фото: mozhga.news

Парламент Мәжілісінің депутаттары "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң қызметкер жұмыс уақытынан артық жұмыс істегені үшін тараптарды жауапқа тартуды қарастырады, деп хабарлайды Paryz.kz

Депутат Гүлнәр Бижанованың айтуынша, заң жобасы екі тарапқа да пайдалы болмақ. 

"Тараптар жалдамалы еңбектің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар, жұмысшылардың қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытын және күнделікті жұмыс уақытын заңсыз арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу ұсынылды", - дейді депутат.