Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Күдікті Еділованың жыныстық қатынасқа түсуге 500 мың теңгеге келіскенін айтты (ВИДЕО)

Жыныстық қатынаста болғаннан кейін жігіт қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып, бір апта көлемінде тауып беретінін алға тартқан...

Күдікті Еділованың жыныстық қатынасқа түсуге 500 мың теңгеге келіскенін айтты (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Аяжан Еділованың өліміне күдікті Төребеков полиция қызметкерлеріне оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Төребеков Аяжанмен "Badoo" желісі арқылы танысып, ватсап арқылы бірнеше күн сөйлескен. Сөйлескен кезде Еділова онымен жыныстық қатынасқа түсу үшін 500 мың теңгеге келіскен. Сол үшін жігіттің үйіне өз еркімен келген. Жігіттің сөзінше, ол Аяжанмен кешкі 20:30-да кездесіп, келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен.

Жыныстық қатынаста болғаннан кейін жігіт қызға нақты ақшасының жоқтығын айтып, бір апта көлемінде тауып беретінін алға тартқан. Бұл ұсынысқа көнбеген Еділова полицияға "зорландым" деп шағымданатынын айтқан. Міне, осы жағдайдан кейін Төребеков оны белбеуімен қылқындырып, ас үй пышағымен денесін бөлшектеп тастайды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде осылай түсінік берген Төребеков барлық кінәсін мойындайтынын айтқан.