Азия бокс конфедерациясы да қазақстандық мамандарды жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады...
Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі cgjhnis ұйымның басқарушы органдарының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыс өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Ал Сидней олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлердің мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.
AIBA президенті Умар Кремлёв жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хат жолдады. AIBA басшысы өзінің жолдауында олардың білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына үлес қосатынына сенім білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті. Азия бокс конфедерациясы да қазақстандық мамандарды жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.
Бұл – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA-ның басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014-2017 жылдар аралығында комиссияларда 6 отандасымыз жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан жасақталып жатыр.