Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістандық шенеунік пара ретінде 30 қой алған

Ол алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айрылып, 15,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Түркістандық шенеунік пара ретінде 30 қой алған
фото: Тұрар Казанғапов

Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы пара ретінде 30 қой алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Оның айтуынша, 25 наурызда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалар мен объектілердің сметалық есебін дайындау және сәулет бөлімінің басшысы Ш.Қожамсүгіровке алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімін шығарды.

"Ол Шымкент қаласында Ташкент тасжолы бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік актіні алуға көмек көрсеткені үшін жалпы сомасы 1,2 миллион теңге болатын 30 қой және 11 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген", - деді тергеуші.