Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

СҚО-да білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың ноутбуктарын ұрлаған

Келтірілген шығын 12 миллион теңгеге бағаланды.

СҚО-да білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың ноутбуктарын ұрлаған
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің қызметкерлері қашықтан оқыту кезінде балаларды зерделеу үшін Үкіметтің резерві есебінен сатып алынған ноутбуктарды ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

"Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың бір ауданы әкімдігі білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар білім бөлімі сатып алған ноутбуктардың бір бөлігін ұрлады деп күдіктелуде", - деді Данияр Биғайдаров.

Ол келтірілген шығынды 12 миллион теңгеге бағалады.