Осыған байланысты, уақытша келу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін орталыққа мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: Алматы қаласы, Дундич көшесі, 2б.
Алматы қаласында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығы КММ (бұдан әрі-Орталық) жұмыс істейді. Уақытша келу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға тәулік бойы уақытша тұруға (бір жылға дейін) арналған.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 жылғы №165 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша келу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мынадай арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар айқындалды: 1) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар; 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар.
Қызмет алушыларды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін уақытша болу ұйымына қабылдауды қызмет алушылардың өтініші немесе қызмет алушының нақты орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті орган), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша уақытша болу ұйымдары жүзеге асырады.
Осыған байланысты, уақытша келу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін орталыққа мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: Алматы қаласы, Дундич көшесі, 2б.
Сондай-ақ, көшпелі әлеуметтік патруль қызметі қарастырылған, ол дәрігерлік медициналық көмекке дейін барлық қажетті шараларды қабылдайды және әлеуметтік көмек шараларын қабылдау үшін орталыққа жеткізеді. Байланыс телефоны: 251-37-68.
Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушылардың болуына медициналық қарсы көрсетілімдер бар екенін атап өту қажет:
1) науқастың өзіне және айналасындағыларға қауіпті мінез-құлқының бұзылуымен қатар жүретін психикалық аурулар;
2) процестің белсенді сатысындағы туберкулездің, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың;
3) алкогольден, есірткіден масаң күйде болуы;
4) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі қызметтерін талап ететін аурудың терминалдық (соңғы) сатысы;
5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін басқа да аурулар және/немесе жарақаттар.
Орталық аумағында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданғанын хабарлаймыз. Өз кезегінде орталыққа жүгінушілерді қабылдау штаттық режимде жүргізіледі. Қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, жаңадан қабылданған адамдар үшін орталықта 14 күндік карантинге орналастыру үшін жеке үй-жай бар. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және орталыққа жеткізу мақсатында әлеуметтік патрульдің шығуы күн сайын жүзеге асырылады.