Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түркістандық ағайындылар бірнеше мешітке ұрлыққа түскен

Ұрылар түнде мешіттерге терезе арқылы кіріп, жәшіктерді бұзып, оның ішіндегі ақшаны алған...

Түркістандық ағайындылар бірнеше мешітке ұрлыққа түскен
фото: tengrinews.kz

Қызылорда облысындағы бірнеше ауылдың мешіттерін тонап келген екі адам ұсталды. Олар садақа жәшіктерін бұзып, ақша алған, деп хабарлады paryz.kz.

Жаңақорған ауданына қарасты бірнеше ауылдың мешітінде осындай жағдай болды. Ұрылар түнде мешіттерге терезе арқылы кіріп, жәшіктерді бұзып, оның ішіндегі ақшаны алған. Осыдан кейін Жаңақорған аудандық полиция бөліміне мешіт имамдары шағым түсірді. Полицейлердің іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталды. Олар ағайынды болып шықты.

"Күдіктілер Түркістан облысының ағайынды 26 және 32 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Олар жасаған қылмысын мойындады. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.