Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Нұр-Сұлтанда су басуы мүмкін 29 қауіпті аймақ анықталды

600-ден астам құтқарушы қажетті оқу-жаттығулардан өтті. 1,5 мың адамды қабылдай алатын 10 орынмен келіссөз жүргізілді...

Нұр-Сұлтанда су басуы мүмкін 29 қауіпті аймақ анықталды
фото: ашық дереккөз

Биыл елордада жауған қар көлемі былтырмен салыстырғанда 80 пайызға аз. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу деператаментінің бастығы Бауыржан Бейсенқанов хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Көрсеткіштің төмен болғанына қарамастан, мамандар су тасқындарына алдын ала дайындықты бастап кетті. Олар қаладағы 29 қауіпті аймақты анықтап, оларды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 600-ден астам құтқарушы қажетті оқу-жаттығулардан өтті. 1,5 мың адамды қабылдай алатын 10 орынмен келіссөз жүргізілді. Азық-түлікпен қамтамасыз ететін мекемемен меморандум жасалды. Азаматтарды құтқаруға қажетті 185 техника бар.

"Қазір 1 млн 400 мың текше метр қар шығарылды. Бүгінде 11 полигон бар. Былтырмен салыстыратын болсақ, осы уақытта қала бойынша 6 млн текше метр қар шығарылған. Бұл - 80 пайызға аз", - деді Бауыржан Бейсенқанов.