Аңқылдаған, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді...
Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Қаралы хабарды әріптесіміз Қуат Әуесбай жеткізді, деп хабарлады paryz.kz.
"Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде бірге қызметтес болдық. Аңқылдаған, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын!" деп жазды Қуат Әуесбай.
Дүрәлі Дүйсебай 1954 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқыған.
1981-1996 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде қызмет атқарған. Кейін Мемлкеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болды, ҰҚК-де, "Халық сөзі" газетінде жұмыс істеді. Сондай-ақ "Қазақ спорты" газетінің бас редакторы болған.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлығының иегері.