Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматыда ертең дабыл жүйесі іске қосылады

Алматы төтенше жағдайлар департаменті 30 сәуір күні сағат 11:00-де сиреналар қосылатынын ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ертең дабыл жүйесі іске қосылады
Фото: Pixabay

"Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық қолға алынды: 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған. 

"Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет", - дейді мамандар.

Алматылықтарға сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындап, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтауға кеңес берілді.