Қызылорда облысының Шиелі ауданында 8-сынып оқушысын мектеп оқушылары зорлағаны туралы ақпаратты құзырлы орындар растады.
– Бұл жағдайға байланысты тергеудің құпиялылығы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдаушылық туындауына байланысты оқиғаның қай мектепте болғаны жариялауға жатпайды. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, – делінген Шиелі аудандық білім бөлімінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми жауабында. Бұл оқиғаны облыстық ішкі істер департаменті де растады. – Полиция тарапынан зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаментінің ерекше бақылауында. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Оралбек Омаров.