Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Министрлік Ыстанбұлда жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда жүрген отандастарымызға үндеу жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Министрлік Ыстанбұлда жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады
фото: Sputniknews

Бүгін Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі болды. Артынан бірнеше афтершок тіркелді.

"Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда", - дейді министрлік мамандары. 

Қазіргі кезде Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы бас консулдығының есебінде 1137 қазақстандық тіркелген.

"Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз", - делінген ресми хабарламада. Айта кетері, жер сілкінісі кезінде Ыстанбұл халқы дүрлігіп, көшеге шығып кетті. Ал тележурналистер тура сол кезде тікелей эфирде болған.