Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған бала көршісіне телефонның сим-картасын орнатуға көмектескен. Алайда көршісінің көзін ала беріп оның атына 50 мың теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Paryz.kz.
Осылайша, кәмелетке толмаған бала алаяқтық жасаған. Қылмыстық іс, жәбірленушімен татуласуына байланысты, тоқтатылған.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баланың анасына қатысты әкімшілік істі қарады. Бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін анасына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Сот анасы мен баласының бұрын жауапкершілікке тартылмағанын, балаға оң сипаттама берілгенін ескеріп, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты (55 048 теңге).