Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қазақстанға қар мен -8 градусқа дейінгі аяз қайта оралады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 22, 23 және 24 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанға қар мен -8 градусқа дейінгі аяз қайта оралады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа райы қайтадан тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде:

жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қарға айналатын жаңбыр) болжанады, - деп хабарлады синоптиктер.

Тек Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында антициклон жотасының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. 

Температура қалай өзгереді Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта үсік жүреді:

• 22 және 24 сәуірде – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3 градусқа дейін;

 • 22 сәуірде – Қарағанды облысында -1 градусқа дейін;

 • 22–23 сәуірде – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1…-8 градус аралығында;

• 24 сәуірде – Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3 градусқа дейін.