Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

«Фарида қызыңыз сияқты емес пе»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі елден сөз естіді

Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жұрттың сынына ұшырады. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz порталыга сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Фарида қызыңыз сияқты емес пе»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі елден сөз естіді
Фото: NUR.KZ

Арт-директор ретінде танымал Айған Жолдасова қоғамда қызу талқыланып жатқан журналист Асхат Садырбайдың отбасына қатысты өз пікірін білдірген еді.

“Отбасымызбен сені жақсы танимыз. Болат ұлымызға қол ұшын бергеніңді ұмытпаймыз. Әке-шешеңді қатты құрметтейміз. Ал қарындасың Бақытжамал – көп жылдан бері біз үшін қызымыздай болып кеткен жан. Кәсіби және адами тұрғыдан өте тамаша адам. Еш уайымдама, жан-жағыңдағы достарың сенің қандай адам екеніңді жақсы біледі. Бәрі жақсы болады. Өз басым сені қатты қадірлеймін. Әрқашан ақыл-кеңесіңді айтып, жол көрсетіп келесің. Достығымызға ешкім кедергі бола алмайды. Біз сіздерді құрметтейміз. Уайымдама! Уақыт кімнің кім екенін көрсетеді. Алла жар болсын!” – деп жазды ол.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас танытып, сазгердің жұбайын сынға алды.

“Жақсылық жасады екен деп, мақтап отыру керек пе?”, “Ерке де, Айғаным да – сіздің қызыңыз емес пе?”, “Өзіңізге жақсылық жасаса болды, қалғандарына не істесе де болады ма?” – деген сыни пікірлер жазылды.