Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Кәрім Мәсімовтің сатылымға шығарылған үйінің құны арзандады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй қайта саудаға шығарылды.

Кәрім Мәсімовтің сатылымға шығарылған үйінің құны арзандады
Фото: ҰҚК

Үйдің бастапқы бағасы бірінші рет саудаға шығарылған кезде 1,8 млрд теңгеге бағаланған еді. Ал қазір 1,6 млрд теңгеге дейін төмендетіліп отыр.

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңгені құрайды. Өтінімдерді қабылдау 13 мамыр күні сағат 9:00–ге дейін жүргізіледі. Сол күні сағат 11:00–де сауда-саттық өтеді.