Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қостанай облысында әйел адам бір жарым жастағы баласын ұрып-соққан

Қостанай қаласында әйел адамның бір жарым жастағы өз баласына қатыгездікпен қарау фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Қостанай облысында әйел адам бір жарым жастағы баласын ұрып-соққан
Фото: istockphoto.com

Баланы тексеру кезінде көптеген дене жарақаттары анықталды. Бала анасынан алынып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

Қазір осы факт бойынша кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарауға байланысты ата-анасының кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Бұл жағдай Қостанай облысының прокуратурасының "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыруы аясында анықталған.

Жоба шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында өмірлік қиын жағдайда тұратын, қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюдың мобильді топтары құрылды. 

Биылғы жылдың 1 тоқсанда мемлекеттік органдар кіретін прокурорлардың мобильдік топтары 269 отбасын тексеріп, олардың 96-сы әлеуметтік-құқықтық көмек алды.