Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жеті баласына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды, — деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО-да жеті баласына алимент төлемеген әйел сотталды

2025 жылғы 10 сәуірде заңды күшіне енген Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, әйел адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – “Балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жиналған берешек сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Бұл қаражат кәмелетке толмаған жеті баланы асырауға арналған болатын. Ұзақ уақыт бойы олардың құқықтары мен мүдделері бұзылып келген. 

— Осы жылдың басынан бері ШҚО полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері алимент төлеуден қасақана жалтару фактілері бойынша сотқа тоғыз қылмыстық іс жолдады. Оның сегізі бойынша айыптау үкімдері шығарылды, – деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітов.