Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Алматыда 21 келіден асатын марихуана тәркіленді

Полиция қызметкерлері есірткі өсімдіктерін өсіретін, жабдықталған фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда 21 келіден асатын марихуана тәркіленді
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәлімдеді. "Профилактика жылы" аясында Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.