Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

12 күн демалыс: Мамырда ел тұрғындары қалай демалады?

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлады paryz.kz.

12 күн демалыс: Мамырда ел тұрғындары қалай демалады?
Фото: Pixabay

Бұл мерекелік және демалыс күндерінің үйлесуіне байланысты. Мамырдағы барлық мемлекеттік мерекелер аптаның ортасына түсіп отыр:

1 мамыр – бейсенбі, 7 мамыр – келесі аптаның сәрсенбісі, ал 9 мамыр – жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кейбір демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес, 2025 жылы елімізде келесі үш мереке аталып өтеді:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі);

7 мамыр – Отан қорғаушы күні (сәрсенбі);

9 мамыр – Жеңіс күні (жұма).

Соның нәтижесінде: Бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін:

1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, 3-4 мамыр – сенбі-жексенбі, 5-6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс күні, 9-11 мамыр – мерекелік және апта соңындағы демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 1 мамыр – демалыс, 2-3 мамыр – жұмыс күндері, 4 мамыр – демалыс, 5-6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс, 11 мамыр – жексенбілік демалыс.