Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады paryz.kz.

Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды
Фото: Антикор

Агенттіктің ақпаратынша, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.