Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлады paryz.kz.
«Құрметті ата-аналар! Талдау көрсеткендей, балалардың терезелерден құлауы балалар жарақатының ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Мұндай жағдайлар әсіресе қалаларда жиі кездеседі.
Көктемгі жылудың басталуымен жазатайым оқиғалар қаупі артады. Елімізде балалардың терезеден құлауының 13 фактісі тіркелді, онда бір бала қаза тауып, ал 12-сі түрлі жарақат алды. Мұның басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы және олардың ашық терезелерге жақын болуы. Ашық терезелер мен сенімсіз москит торларының қаупін бағалай алмайтын, яғни 7 жасқа дейінгі балалар бұл қауіпке ұшырауы мүмкін», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рүстем Жүсіпбеков.