Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед Жұмажан мемлекет басшысының алғысына ие болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бүлдіршінмен және оның ата-анасымен жүздесті.
Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді.
Бұл әрекеті арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленді.