Ақмола облысында су тасқыны жағдайы бақылауда, деп хабарлайды paryz.kz өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Бұланды ауданында су деңгейі төмендеп келеді. Азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп, апат салдарын азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізуде.
«Иванковка ауылында төрт жеке тұрғын үйді су басқан. Капитоновка ауылында түнде Боқсұқ өзенінің су деңгейі көтеріліп, 41 адам, соның ішінде 11 бала эвакуацияланды. Ал Новобратское ауылынан тағы 70 адам, оның ішінде 11 бала құтқарылды», — делінген хабарламада.
Барлық эвакуацияланғандар уақытша туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар, 757 бас мал мен 471 құс қауіпсіз жерге көшірілген. Су тасқынының зардаптарын жоюға 300-ге жуық маман мен 156 техника бірлігіжұмылдырылды.
«ТЖМ күшімен дер кезінде жару жұмыстары, инертті материалдар мен қапшық төсеу, еріген қар суларын бұру жұмыстары жүргізілді. Бұл бірқатар елдімекендерді су басудан сақтап қалуға мүмкіндік берді. Су тасқыны басталғалы бері 1,4 миллион текше метрден астам су сорылып, 141 мыңнан астам қап пен 1,5 мың тоннадай инертті материал төселді», – деп мәлімдеді ведомстводан.