Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ұйғыр ауданындағы көшелерге Әл-Фараби, Абай және Мұқағалидың есімін беру ұсынылды

Бұдан бөлек, басқосуда аудан орталығында жаңадан салынып жатқан үш көшеге де ат беру жайы талақыланды...

Ұйғыр ауданындағы көшелерге Әл-Фараби, Абай және Мұқағалидың есімін беру ұсынылды
фото: дереккөз

Ұйғыр ауданының орталығы - Шонжыдағы орталық көшелерге әл-Фараби, Абай, Мұқағали есімдерін беру ұсынылды, деп хабарлады paryz.kz, Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Осы ретте бір ескеретін жайт, ономастика заңнамасына сәйкес, көше атауларын өзгерту туралы ұсыныс ашық түрде сол өңірдегі халықтың дауыс беруімен жүзеге асатыны белгілі. Сүйінші жаңалық сол, қазір тұрғындардың пікірі тыңдалып, жиынға жиналған халықтың көбі аудандағы атауларға қатысты өзгерісті қолдап отыр.

Нәтижесінде, әл-Фараби есімі аудан ортылығындағы ең үлкен көшеге, Шонжыдағы тағы бір негізгі көшеге қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының аты берілсе деген ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, республикалық деңгейде биыл 90-жылдық мерейтойы өтуі тиіс Мұқағали Мақатаев атына да көшеге берілмек.

Бұдан бөлек, басқосуда аудан орталығында жаңадан салынып жатқан үш көшеге де ат беру жайы талақыланды. Ұсынылған атаулар жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді.

Тиісінше, алдағы 7 күннен кейін шешім қабылданып, заңды күшіне енетін болды.