Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар үшін жаза мерзімі ұзартылды

Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерін заңсыз қолданғандар үшін жауапкершілікке тарту мерзімі екі айдан бір жылға дейін ұзартылды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар үшін жаза мерзімі ұзартылды
фото: Sputniknews

Бұдан былай дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, нақты айтқанда оларды заңсыз жинау, өңдеу және қорғау шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдың мөлшері үш есе ұлғайтылады.

Бұрын айыппұл құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

 "Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады" - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттандыру саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.