Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойғанын мәлімдеп, шенеуніктерден нақты істі талап етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық - Тоқаев
Фото: Ақорда

«Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады», - деді президент Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда.

Оның айтуынша, қазір еліміз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатыр.

Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Дегенмен Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір ғылым қалашығы жоқ.

«Алматы іргесіндегі «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің аумағында ғылым қалашығын құру туралы идея бар екенін білемін. Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек», - деп тапсырды президент.