Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Президент бірыңғай уақыт белдеуі туралы Үкімет шешіміне қатысты пікір білдірді

Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр. Отырыс кезінде Мемлекет басшысы бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Президент бірыңғай уақыт белдеуі туралы Үкімет шешіміне қатысты пікір білдірді
фото: akorda.kz

«Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ. Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ», – деді Президент.