Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Енді психологтар мен «коучтар» бақылауға алынады. Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында халықты алдап ақша тауып жүргендерді назарға алуды тапсырды, деп хабарлайды paryz.kz.

Енді психологтар мен «коучтар» бақылауға алынады. Тоқаев тапсырма берді
фото: akorda.kz

Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде, - деді Президент.

Тоқаев ақыл айтатындар көбейіп кеткенін айтты.

Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс, - деп айтты Президент.