Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Көктемгі каникул кезеңі 21 наурыз бен 31 наурызды қоса алғанда он бір күнге жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
Фото: оқу ағарту министрлігі

Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды.

Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді.

Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді.

Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған: театр фестивальдері мен қойылымдары;

шеберлік сабақтары; қауіпсіздік сабақтары; мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;

спорттық ойындар; 

қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.