Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Елімізде қанша әйел тұрады?

Ертең ел атап өтетін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы қызықты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елімізде қанша әйел тұрады?
фото: baq.kz

Қазақстанда 10 381 377 әйел тұрады – бұл ел халқының 51,1%-ын құрайды.

Соңғы 10 жылда қазақстандық әйелдердің саны 15,2%-ға өскен.

Елде әйелдер ең көп тұратын өңірлер: Алматы – 1,2 млн;

Түркістан облысы – 1 млн;

Астана – 803 мың. Әйелдердің басым бөлігі қалалық өмірді қалайды – 64,4%-ы мегаполистерде тұрса, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас. Келе жатқан мерекемен құттықтаймыз! Бұл күн сізге қуаныш, шабыт және ең жылы лебіздер әкелсін! - деп нәзік жандыларды мерекемен құттықтады Ұлттық статистика бюросы.