Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Астанада жүк көлігі оқушыны басып кетті

Елордада баланы көлік қағып кетуі оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

Астанада жүк көлігі оқушыны басып кетті
фото: әлеуметтік желіден

«Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанған кезде өтіп бара жатқан. Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады», — делінген Полиция департаменті мәліметінде.

Тергеу барысында Алынған жарақаттар салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Осы оқиға бойынша Астананың денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барғанын нақтылады. Тиісті көмекке қарамастан, бала көз жұмған.