Қазақстандық танымал балуан Ұлан Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды», - делінген ақпаратта.
«Қазақ барысының» үші дүркін чемпионы өңір спортын бұған дейін де басқарған.
Естеріңізде болса, 2023 жылғы 16 наурызда тағайындалып, 2024 жылы қызметінен босатылған. Содан бері басшының орны бос тұрған еді.