Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Шерзат ісі сотқа қашан жолданады

Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі сотқа жолдау тәртібіне түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерзат ісі сотқа қашан жолданады
Фото: Kazinform

Оның айтуынша, тергеу аяқталып, іс зерделеу және айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жолданды. Қазір Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу амалдарының заңдылығын тексеріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады.

— Әзірге, сотқа жолданатын нақты күнін атай алмаймын. Өйткені заң бойынша мұндай шешімдер әдетте 10 күн ішінде қабылданады. Бірақ істер күрделі болса, прокурордың мұндай шешімді бір ай ішінде қабылдауға мүмкіндігі бар, — деді Бас прокурордың орынбасары Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол күдіктілердің саны өзгеріссіз қалғанын нақтылады, осыған дейін жарияланған 11 адам бар.