Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Асыранды баланы өлтіріп, жәрдемақы алып отырған әже 21 жылға сотталды

Көкшетауда асыранды баланы өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Асыранды баланы өлтіріп, жәрдемақы алып отырған әже 21 жылға сотталды
фото: әлеуметтік желіден

Былтыр көктемде Щучинск қаласында сұмдық қылмыс әшкереленді. Сол кезде 5 жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.

Бастапқыда оның жай ғана құлап, жарақат алғаны айтылды. Десе де басындағы ауыр жарақат оның соққыға жығылғанын айқын көрсетті. Тергеу барысында ол асыранды бала екені анықталды, ал анасы оған мүлде басқа баланың құжаттарын ұсынып, бәрін алдауға тырысқан. Кейін белгілі болғандай, бұл құжаттар оның туған ағасына тиесілі болған. 

Оқиға әшкереленгеннен кейін полиция 65 жастағы асыранды әжені қамауға алды. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл әйел немересін өлтіріп, денесін бақшаға көміп тастаған. Ал 29 жастағы анасы бұл іске қатысы жоқ секілді көрінген еді.

Дегенмен, 2024 жылдың сәуір айында олардың екеуі де қамауға алынды. Сот процесі жабық режимде өтті. 2025 жылдың 4 наурызында шығарылған үкім бойынша, қатігез әжесі 21 жылға сотталды. Ол жазасын өтеп болғанша қартайып, егде жасқа жетеді. Ал анасына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Naiza Kokshe таратқан ақпаратта.

Белгілі болғандай, сотталып отырған әже мен келіншек төрт бала асырап алған екен. Соның біреуін төрт жыл бұрын өлтіріп, мәйітін есіктерінің алдына көміп тастаған. Ол аз десеңіз, екеуі марқұм баланың құжатымен мемлекеттен төрт жыл бойы жәрдемақы алып жүрген. Қалған үш баланы үнемі ұрып-соғып, қорлағаны да белгілі болды.