Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Декретке миллионмен» шуы: Дәулет Мұқаев заңды бұзғандар туралы айтты

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Декретке миллионмен" сабағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Декретке миллионмен» шуы: Дәулет Мұқаев заңды бұзғандар туралы айтты
Фото: parlam.kz

2023 жылға дейін "Декретке миллионмен" сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кейбір адамнан ғайбат естіп жатырмын. Олар сабағыма 100% қатыспағандар, - деді депутат. Ол өзін кінәлағандарға босқа қараламауға шақырды. Мен egov.kz сайтындағы мәліметті қарапайым тілде түсіндірдім, - деп ресми мәліметтің сілтемесін қосты.

Депутат egov.kz сайтында аталған мәселеге қатысты қандай формула көрсетілгенін атап өтті.

«Тіпті бұл сайтта 1 млн теңге емес, заңды табысқа сай 2,5 млн теңге босанғанға дейінгі төлем алатын формуланы көрсеткен. Ал мен сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмен. 2 сағаттық видео сабағымда бір емес, 7 рет "өтірік ИП" ашпаңыздар деп ескерткенмін. Сабағыма қатысқандар не айтқанымның бәрін түсініп отыр. Заңды жұмыс істейсіз бе, заңды табысыңыз бар ма – декретке миллионмен шыға бересіз. Оған ешкім тосқауыл қойып жатқан жоқ, - деді Мұқаев.

Оның айтуынша, заңсыз әрекет еткендер арасында бір емес, 20-30 "ИП-да" жұмыс істейтінін көрсеткендер де бар көрінеді. Депутат олардың ойлары 30-40 млн теңге алу болғанын айтады.