Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім 8 күннен бері табылмай жатыр

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің тұрғыны, 17 жастағы Артем Сармановқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім 8 күннен бері табылмай жатыр
фото: әлеуметтік желіден

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жасөспірім 24 ақпан күні шамамен сағат 07.45-те № 12 орта мектепке шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 170 см, денесі арықша келген. Үстіне капюшоны бар қара күрте, қара трико, аяғына қара кроссовка киген. Өзімен бірге Айфон 11 маркалы телефоны бар.

— Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуы сұралады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады ведомстводан.