Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева елімізде TikTok-тың балаларға әсері туралы пікір айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеуге қатысты пікір білдірді
Photo credit: Agenzia Nova

Оның айтуынша, кез келген зиянды мазмұндағы контент балаларға да, ересектерге де кері әсер етеді. 

- Бұл тұрғыда TikTok-ты жасаған Қытайда балаларға осы желіні күніне 40 минут қана пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, онда контентке шектеу қойылған, яғни балаға тек білім беру мен дамуға арналған материалдар ғана көрсетіледі, - деді Наталья Жұмаділдаева Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Сонымен қатар ол TikTok-қа елімізде шектеу қою мүмкіндігіне қатысты түсінік берді. - Әрине, заңнама аясында мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз, - деді бірінші вице-министр.